Мен кіммін?

Есімім Тлеубек. Жасым 22 де. 16 жасымнан әскери тәртіп көрдім, ерте тұру, бір айтқаннан орындау және тек өзіме сенім артып арман мақсатыма жететініме жәй ғана сендім.

Ата - анамнан жастайымнан бөлек өскенсоң, керек заттарымды өзім алып үйрендім.

Ең алғашқы кәсібіме оператор болып келдім. Келген адамдарға PlayStation қосып беріп жүріп, сол жердің табысы неге менің қалтама түспейді деп ойланатынмын. Өзіме: «Менің бастықтан қай жерім кем?» деп сұрақ қоятынмын.

Фото 1
Фото 1
Фото 2
Фото 3
Фото 4

Өзімді әрдайым...

Өзімді әрдайым үлкен кәсіпкер ретінде сезінетінмін. Айналамдағы адамдардың сөзі мүлдем қызықтырмайтын. «Ой, мынау әлі жүр ғой» деген сияқты айтқандары қаншама еді. Іштей қорқыныш та болатын: «Болмай қалса ше?» деп ойлайтынмын.

2023 жылы досыма кредитке көлік алып бердім. Бірақ ол мені қадап кетті. 14 000 000 теңге қарызды өзім төлеуге тура келді. Енді аяққа тұрайын деп жүргенімде қарызға баттым. Ол телефонын алмайды. Машинаны маған тастап кеткен, екі ортада мен кінәлі болып қалдым.

Фото 1
Фото 1
Фото 2
Фото 3
Фото 4

Қателік...

Разве это проблемы деп ойладым. Дұрыс емес өнім (продукция) шығып, 50 адамға 500 000 теңгеден қайтарым (возврат) жасауға тура келді. Команда өз жұмысын атқарды, жауапкершілік өзімде болды. Барлығына қайтарамын деп келістім.

Ел-жұрттың алдында қара бет болдым. Бірақ мен бұл жағдайды Раббымның маған деген махаббаты деп түсіндім — мені тәрбиеледі. Қарызым көбейген сайын табысымды арттыру қажет болды. Неге әртүрлі салаға кірістім десеңіздер, қай жерде нан болса, сол жаққа жүгірдім. Қателесуге мүмкіндік болған жоқ.

Фото 1
Фото 1
Фото 2
Фото 3
Фото 4

Шешім...

Бір түсінгенім - кез келген кәсіп ашу үшін сізге үлкен қаражат қажет емес, сізге аш болу керек. Соңғы мүмкіндіктей бар күшіңізді салып тырысу керек. Басыңызға келген қиындықтар - өз қолымызбен жасаған күнәлардың салдары.

Сол уақыттан бері бірталай жыл өтіпті. Айналамда "дос" деген адам қалмады, бәрінің бетпердесі шешілді. Раббым маған тек өзіме сенуді үйретті. Бір жағынан үйім құлап жатса, екінші жағынан зәулім сарай тұрғызылды.

Мотивация беретін себебім — адам әрдайым ұмтылып, талпынса, сөзсіз көздеген мақсатына жетеді. «Жоқ», «Білмеймін», «Қорқамын» деген — бос сөз. Істейтін адам бәрібір жасайды. Аллаға сансыз шүкір, осындай ғұмырды нәсіп еткені үшін. Айтылмай қалған қаншама қызықтар бар...

Фото 1
Фото 1
Фото 2
Фото 3
Фото 4